Учебно-воспитательная работа

Республика күні

2024 жылдың 24 қазанында «Prime School» жеке мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Республика күні – еліміздің барлық азаматтарын ортақ құндылықтар мен мұраттар төңірегінде біріктіретін Қазақстандағы ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі. Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында 0 «А» сынып оқушылары мектептегі алғашқы сахналық қойылымын дайындады.